Өзбекстан Президенті Түркия Президентінің инаугурациясына қатысты

    Билік 4 Iyun 2023 4581

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Анкараға сапары барысында биылғы жылдың 28 мамырында өткен сайлауда Түркия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Режеп Тайып Ердоғанның инаугурация рәсіміне қатысты.

    Шараға әлемнің 80-ге жуық елінің өкілдері – мемлекет және үкімет басшылары, парламент спикерлері, жоғары лауазымды тұлғалары мен жетекшілермен Түркі мемлекеттері ұйымы, Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және басқа да ықпалды халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

    Салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы Түркия басшысын сайлаудағы жеңісі және қызметіне кірісуімен құттықтап, Түркия халқына зор табыс және гүлдену тіледі.

    Шара аясында Мемлекет басшысы салтанатты шараға шақырылған елдер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен пікір алмасты.

    Осымен Анкараға сапар бағдарламасы аяқталып, Президент Шавкат Мирзиёев Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates