Кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқаны, екі елдің стратегиялық серіктестігі тұрақты нығайып келе жатқаны атап өтілді.
Сауда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл және су шаруашылығы, көлік және басқа да басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастық кеңейіп жатқаны айтылды.
Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша да пікір алмасып, алдағы іс-шаралар жоспарын қарастырды.