Шавкат Мирзияев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті

    Билік 29 Iyun 2022 5164

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 29 маусым күні Түрікменстан Ұлттық кеңесі Халық Мәслехаты төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовті 65 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен табыс, ал бауырлас Түркіменстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Гурбангулы Бердімұхамедовтың заманауи Түркіменстанның құрылуына және елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға, Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын нығайтуға қосқан зор үлесі атап өтілді.

    Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Өзбекстанға алдағы сапарына дайындық аясында екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    Сауда-өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге, сондай-ақ өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды белсендіруге ерекше назар аударылды.

    Тараптар аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілікті ілгерілету және елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Өзбекстан басшысы осы күндері Түркіменстан астанасында өтіп жатқан VI Каспий саммитіне сәттілік тіледі.