Өзбек және түркімен халықтарының тарихындағы маңызды да берекелі дата – елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты Сізге шын жүректен құттықтауларымды және ізгі тілектерімді жолдаудан өте қуаныштымын.
Түрікменстан – ғасырлар бойы жақын дос әрі жақын көрші, мәдени дәстүрі ортақ, тілі мен әдет-ғұрпы ұқсас сенімді уақыт сынынан өткен серіктес.
Тәуелсіздік жылдарындағы екі елдің басып өткен жолдарына көз жүгіртсек, біз 30 жыл ішінде елдеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың берік саяси, дипломатиялық және құқықтық негізін құра алғанымызды атап өткен жөн.
Ортақ саяси ерік-жігеріміз арқылы өзара құрмет пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық әріптестік қарым-қатынастары соңғы жылдары сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріліп, практикалық мазмұнмен байып келеді. Жоғары деңгейдегі саяси диалогтар, парламентаралық және өңіраралық байланыстар жандана түсуде.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссиялар аясында біз екіжақты қызметтің барлық аспектілері бойынша байыпты күш салудамыз.
Сізбен 2022 жылы Ташкент, Самарқанд және Ашхабад қалаларында өткен достық және нәтижелі кездесулеріміз барысында біз көп қырлы және ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дәйекті дамытуға мүдделі екенімізді тағы бір рет растадық.
Осы ретте халықтарымыздың игілігі үшін Өзбекстан мен Түркіменстан арасында әлі пайдаланылмаған зор мүмкіндіктер бар екенін, біз өзара тауар айналымын күрт арттыруға және өнім номенклатурасын кеңейтуге, әрі өнеркәсіптік кооперацияны одан сайын нығайтуға дайын екенімізді атап өткім келеді.
Құрметті Сердар Гурбангулиевич!
Елдеріміз арасында қалыптасқан және өзгелерге үлгі болатын стратегиялық серіктестік алдағы уақытта да жақын бауырлас елдеріміздің ортақ мүдделері мен дамуы бағытында табысты дами беретініне сенімдімін.
Осы сәтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт және жоғары жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал бауырлас Түркіменстан халқына бейбітшілік, даму және гүлдену тілеймін.
Құрметпен,
Шавкат Мирзияев,
Өзбекстан Республикасы Президенті