Өзбекстан Президенті Түркіменстанға барды

    Билік 5 Avgust 2021 5369

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен 5 тамызда Түркіменбашы қаласына барды.

    Мемлекет басшысын Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Есенмұрат Оразгелдиев және басқа да ресми адамдар қарсы алды.

    Ертең, 6 тамызда Өзбекстан Президенті Аваза ұлттық туристік аймағында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік отырысына қатысады.

    Өзбекстан Республикасының Президенті 2017 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 72 -сессиясында Орталық Азия Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулерін өткізу туралы бастаманы көтерді. Оны барлық көрші елдер қолдады және бірінші саммит 2018 жылдың наурызында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, екінші кездесу 2019 жылдың қарашасында Ташкентте өткен болатын.

    Кезектегі саммитте алдымен бұрынғы келісімдердің нәтижелері талқыланады. Аймақта тұрақты және дәйекті дамуды қамтамасыз ету, сауданы дамыту, энергетика саласындағы әріптестік үшін қолайлы жағдайлар жасау, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, пандемияға қарсы бірлескен күрес мәселелері талқыланады.

    Өзбекстан Президенті өз сөзінде достық пен тату көршілік қатынастарын одан әрі нығайтуға, өзара сенім мен қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар бастамалар көтереді және ортақ мүдделерге негізделген аймақтық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын баяндайды деп күтілуде.

    Сонымен қатар саммит аясында Орталық Азияның жетекші әйелдерінің диалогы мен Экономикалық форум, ұлттық өнімдер көрмесі, ұлттық тағамдар фестивалі мен өнер майталмандарының қатысуында концерт өтеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates