Өзбекстан Президенті умра қажылығын орындады

    Билік 20 Iyul 2023 5519

    Мемлекет басшысы лауазымына сайланғаннан кейін алғашқы шетелдік сапармен Сауд Арабиясында болған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қасиетті Мекке қаласына барды.

    19 шілде – Ислам әлемінде басталған 1445 жылы мұхаррам айының бірінші күні Мемлекет басшысы ихрамға кіріп, умра қажылығын орындады. Ол Кағбаның ішінде намаз оқу құрметіне ие болды.

    Шавкат Мирзиёев дініміз бойынша Бәйтуллах айналасында жеті рет, Сафа мен Мәруа төбелерінің арасында жеті рет таваф етті. Еліміздің өркендеуі, халқымыздың тыныштығы мен амандығы, барша отандастарымыз, жас ұрпақтың бақыты, жарқын болашағы үшін дұға жасалды.

    Айта кетейік, дәл осы күні Қағбаның кисуасын ауыстыру рәсімі өтті.