Өзбекстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

    Самарқанд қаласындағы Конгресс орталығында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейннің келіссөздері өтті.

    Онда, саяси диалог пен мәдени-гуманитарлық алмасуды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Кездесу басында Иордания Королі Мемлекет басшысына сапар жасауға шақырғаны және Иордания делегациясына көрсетілген жылы шырайлы қабылдау үшін ризашылық білдірді.

    Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар тарихындағы алғашқы жоғары деңгейдегі сапар екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап беріп, оны кең ауқымды серіктестік деңгейіне көтеретіні атап өтілді.

    Өзбекстан мен Иордания арасындағы дәстүрлі достық және көп қырлы практикалық ынтымақтастық нығайып келе жатқаны, екі елде жүзеге асырылып жатқан реформалар стратегияларының ұқсастығы айтылды.

    Көшбасшылар Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа халықаралық құрылымдар аясында жемісті әріптестік жолға қойылғанын атап, бастамаларды өзара қолдауды белсенді жалғастыру қажеттігін айтты.

    Екі ел сыртқы істер министрліктері арасындағы сындарлы диалогты әрі мекемелер арасындағы тығыз байланыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Екіжақты сауда көрсеткіштерін еселеп арттыруға, бірлескен инвестициялық жобалар мен сауда келісімдерін жүзеге асыруға дайындық расталды.

    Химия және тоқыма өнеркәсібі, «ақылды» ауыл шаруашылығы, геология, денсаулық сақтау және фармацевтика, туризм және басқа салаларда кооперацияны кеңейтуге уағдаласты.

    Үкіметаралық комиссия мен Кәсіпкерлер кеңесін іске қосып, биыл жыл соңына дейін олардың алғашқы отырыстарын өткізу ұсынылды. Сондай-ақ Өзбекстан–Иордания бизнес-форумын өткізу іскерлік топтар арасында ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнатуға қызмет ететіні айтылды.

    Мәдениет, білім және туризм салаларындағы алмасуларды, соның ішінде бірлескен мәдени апталықтар, концерттер, экспозициялар мен көрмелер өткізу арқылы жандандыруға дайын екені білдірілді.

    Өзбекстан мен Иордания халықтарының достық байланыстары ежелгі тарихқа ие екені және бүгінде жаңа деңгейге көтеріліп отырғаны сөз болды. Осы тұрғыдан ортақ рухани мұраны бірлесіп зерттеу, екі елдің исламтану орталықтары мен институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

    Тараптар бейбітшіл және ағартушылыққа негізделген ислам идеяларын бірлесіп ілгерілету қажеттігі жөнінде бірауыздан пікірге келді. Мемлекет басшысы Корол II Абдалла тарапынан 10 жыл бұрын басталған «Ақаба үдерісін» жоғары бағалап, осы маңызды бастаманың алдағы жиындарының бірін Самарқанд қаласында өткізуге ұсыныс жасады.

    Екі ел астаналары арасында тұрақты әуе қатынасын жолға қою және визасыз режим енгізу іскерлік байланыстар мен өзара туристер ағынын арттыруға қызмет ететіні атап өтілді.

    Жаһандық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасылды.

    Келіссөздер соңында Корол II Абдалла бен әл-Хусейн Мемлекет басшысын Иорданияға сапармен баруға шақырды.

    Келіссөздер сындарлы, ашық және сенімді рухта өтті.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates