Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы көп қырлы ынтымақтастық пен кең ауқымды стратегиялық серіктестік қатынастары қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Өнеркәсіптік кооперация бойынша ірі жобаларды ілгерілетуде практикалық нәтижелерге қол жеткізіліп жатқаны айтылды.

Бауырлас халықтарымызды жақындастыруда Ош қаласындағы Бабыр атындағы академиялық театрдың күрделі жөндеуден өткен ғимаратының ашылуы мен Қоқан қаласында өткен студенттер спартакиадасының маңызы зор.

Мемлекет басшылары екі елдің ақсақалдары мен жастарының қатысуымен өтетін Ұрпақтар диалогына тыңғылықты дайындалу жөнінде тапсырма берді.

Өңірлік ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде осы жылдың маусым айында Қырғызстанда өтетін көпжақты саммитке дайындық мәселелері бойынша да пікір алмасылды.