Мемлекет басшысы Венгрия Сыртқы істер және сауда министрін қабылдады

    Билік 7 May 2024 2035

    Өзбекстан Республикасының Президенті 7 мамыр күні Бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысына қатысу үшін Өзбекстанға келген Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийяртоны қабылдады.

    Петер Сийярто Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанның сәлемін және ізгі тілегін Мемлекет басшысына жеткізді және үшінші Ташкент инвестициялық форумының сәтті өтуімен құттықтады.

    Кездесуде Өзбекстан мен Венгрия арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

    Екі елдің стратегиялық әріптестігі дәйекті түрде нығайып, практикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

    Барлық деңгейде белсенді диалогтар жалғасуда. Кейінг жылдары тауар айналымы екі есеге артып, бірлескен жобалар мен кәсіпорындар саны артып келеді.

    Өнеркәсіп, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, логистика, жылжымайтын мүлік объектілерін салу және басқа да бағыттардағы жобаларды ілгерілету мәселелері қаралды. Ташкент облысында Венгрия және Еуропа компанияларының жобалары үшін арнайы экономикалық аймақты тез арада іске қосудың маңыздылығы атап өтілді.

    Гуманитарлық алмасу да кеңейіп келеді. Өзбекстандық студенттер Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.

    Сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates