Өзбекстан Президенті Вьетнам делегациясын қабылдады

    7 сәуір күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев елімізге ресми сапармен келген Вьетнам Ұлттық мәжлісінің төрағасы Чан Тхань Ман бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесу басында делегация басшысы Өзбекстан басшысына Вьетнам Коммунистік партиясының Бас хатшысы То Лам, Президент Луонг Куонг және Премьер-министр Фам Минь Тиннің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Өзбекстан мен Вьетнам арасындағы көпжақты қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Үкіметаралық және ведомствоаралық диалогты жүйелі арнаға түсіру қажеттілігі атап өтілді. Биыл Ханой қаласында Үкіметаралық комиссия отырысы мен бизнес форумын нәтижелі өткізу маңызды екені айтылды.

    Жаңа жобаларды ілгерілету үшін энергетика, геология, мұнай-химия, электр техникасы, тоқыма, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда өнеркәсіптік кооперацияның кешенді бағдарламасын дайындау жөнінде келісімге келінді.

    Мәдениет пен туризм салаларындағы алмасуларды, соның ішінде визасыз режимді енгізу арқылы дамытуға ерекше назар аударылды.

    Ортақ бастамаларды нәтижелі жүзеге асыру мақсатында парламентаралық диалогты жандандыру жөнінде өзара уағдаластыққа қол жеткізілді.

    No date selected
    May 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates