Әуежайда Мемлекет басшысын Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Өзбекстан Президентінің сапарына орай мемлекеттік тулар көтеріліп, ұлттық ән-билер орындалды.

Бүгін Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Президенттерінің үшжақты кездесуі өтеді.

Күн тәртібінде достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан шекараларының түйісу нүктесіне қатысты шартқа қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ Президенттер өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін бірлескен концертке қатысады.