Лого Лого-пв-уз

    Өзбекстан Президенті ХВҚ басшысымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

    Билік 19 Sentabr 2023 2038

    18 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Нью-Йорк қаласындағы өзіне бөлінген резиденцияда Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады.

    Әлемдік экономикалық жағдай туралы жан-жақты пікір алмасылды. ХВҚ-мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері, оның ішінде осы жылдың маусым айында Самарқандта өткен екіжақты кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар қарастырылды.

    Қор басшысы Өзбекстандағы артқа қайтпайтын реформалар бағдарламасының нәтижелеріне жоғары баға беріп, республикадағы тиімді реформаларды ілгерілетуде тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

    Кездесу барысында ХВҚ-ның Өзбекстандағы қаржы секторының тұрақтылығын жан-жақты талдауға қатысуына, экономикалық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуде консультациялық қолдау көрсетуге және республикадағы мекеме мамандарыныңбіліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысты мәселелер қаралды.

    No date selected
    December 2023
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates