«Ханеда» халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрі Ёшимаса Хаяши және басқа ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапардың негізгі іс-шаралары 19–20 желтоқсан күндері өтеді. Өзбекстан Президенті Жапония Императоры Нарухито, Премьер-министр Санаэ Такаичи, сондай-ақ басқа да ресми тұлғаларме, іскер топтар және академиялық қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы «Орталық Азия + Жапония» диалогының алғашқы саммитіне қатысады.