Құны 1,1 миллиард долларды құрайтын Сырдариядағы жылу электр орталығы жобасы 3 миллионнан астам үй шаруашылығы мен жүздеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, аймақта тұңғыш рет «жасыл сутегін» өндіретін бірегей кәсіпорын құрылуда. Осы «пилоттық» жоба аясында бірінші кезеңде республикада 3 мың тонна сутегі өндіріліп, одан кейін минералды тыңайтқыштарға өңделеді, сондай-ақ 52 мегаватт жел электр станциясы салынады.
Жалпы Өзбекстанда «ACWA Power» компаниясының қатысуымен құны 7,5 миллиард долларды құрайтын ірі энергетикалық жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
Бұл жобаларды іске қосу 2030 жылға қарай 25 гигаватт жаңартылатын энергия қуатын жасауға, 4,5 миллиард текше метр газды үнемдеуге және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3 миллион тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.