БҰҰ жүйесіндегі бұл жетекші мамандандырылған институтпен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу басында ЮНИСЕФ басшысы Өзбекстан басшысына БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің шынайы сәлемін жеткізді.
Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесіне жоғары баға беріліп, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ұлттық бағдарламалар қолдау тапты.
Өзбекстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді.
ЮНИСЕФ-тің қолдауымен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заң, әлеуметтік қорғау жүйесі және балалар онкологиясымен күреске қатысты стратегиялық құжаттар қабылданды. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясына қарсы күреске және вакцинация жүйесін дамытуға көмек көрсетілді.
Заңнаманы жетілдіру, балаларды күту мен қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу, әлеуметтік қызметтер мен кадрлар даярлау жүйесін дамыту, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыру және олардың сапасын жақсарту, ұлттық стандарттар әзірлеу, әлеуметтік сақтандыруды кеңейту, инклюзивті білім беруді ілгерілету сияқты басым бағыттарда бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.
2030 жылға дейінгі жаңа Мемлекет бағдарласын қабылдау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілетуге арналған бірқатар халықаралық іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.









