Бүгін, 24 қарашада Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне арналған Арнайы бағдарламасының бірінші саммитіне қатысып, СПЕКА аясында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша бірқатар практикалық бастамаларды алға тартты.
Сондай-ақ, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен де екіжақты келіссөздер жүргізілді. Мемлекет басшылары Өзбекстан-Әзербайжан достығы мен стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту, оның ішінде жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сапар аяқталғаннан кейін, Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Өзбекстан Президентін Әзірбайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Якуб Аюбов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.