баннер
13 Mar 2025
14:33

    Өзбекстан Президентінің Францияға мемлекеттік сапары басталды

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Франция Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен мемлекеттік сапармен Париж қаласына келді.

    Ұшақ алдында Мемлекет басшысын Францияның Ұлттық білім, жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Элизабет Борн, Париж әскери округінің қолбасшысы генерал Лоик Мизон және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

    «Орли» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақ құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

    Сонымен қатар, Өзбекстан делегациясы орналасқан резиденция алдында Францияда білім алып жатқан, еңбек етіп жүрген және ғылыми зерттеулермен айналысып жатқан бір топ отандастар Президент Шавкат Мирзиёевті ерекше қуанышпен қарсы алды. Мемлекет басшысы олармен жылы жүздесіп, оқуда және ғылыми ізденістерде табыс тіледі.

    Сапардың негізгі шаралары бүгін, 12 наурызда өтеді.

    Бағдарламаға сәйкес, Елисей сарайында жоғары деңгейдегі Өзбекстан-Франция келіссөздері өтпек.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech