Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары аяқталды

    Билік 23 Noyabr 2022 5871

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Францияға ресми сапары нәтижелі болды.

    Сапардың екінші күні Франция Ұлттық жиналысының Төрағасымен кездесу өтті.

    Өзбекстан мен Франция Президенттері Елисей сарайында келіссөздер жүргізіп, жұбайларымен бірге Лувр мұражайы және Араб әлемі институтында Өзбекстанның мәдени мұрасына арналған ірі көрмелермен танысты.

    Сапар соңында Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі жан-жақты әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

    Жалпы Өзбекстан-Франция қарым-қатынастарын одан әрі кеңейтуге бағытталған 14 келісім қабылданды. Францияның даму агенттігімен 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру үшін стратегиялық әріптестік туралы келісім және Сыртқы саясат ведомстволар арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы солар қатарында.

    Сондай-ақ мәдени-тарихи мұра, мектепке дейінгі, мемлекеттік және жоғары білім беру, мемлекеттік қызметті дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы декларацияларға қол қойылды.

    Азаматтық авиация, сыбайлас жемқорлықпен күрес, судьялардың біліктілігін арттыру, француз тілін оқыту және басқа салалар бойынша құжаттар қабылданды.

    Жалпы құны 6 миллиард еуродан асатын сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру туралы екіжақты келісімдерге қол жеткізілді.

    Сапар бағдарламасының іс-шаралары аяқталғаннан кейін жоғары мәртебелі мейманды «Париж-Орли» әуежайында Франция үкіметінің ресми өкілдері шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates