24 қаңтарда Мемлекет басшысы Бейжіңд қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді. Одан кейін көшбасшылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады, екіжақты құжаттардың маңызды жиынтығына қол қойылды.
Сапардың бірінші күні осы елдің Мемлекеттік кеңесінің Премьер-Министрі Ли Цяньмен және Халықтық саяси консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен кездесулер өтті. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, CNPC және CITIC корпорациялары, Қытайдың Экспорт-импорт банкінің жетекшілерімен келіссөздер жүргізілді.
Мемлекеттік сапардың екінші күні Қытайдың инновациялық астанасы Шэньчжэнь қаласында іскерлік іс-шаралар өтті. Өзбекстан Президенті Гуандун провинциясы партия комитетінің хатшысы Хуан Куньминмен аймақаралық байланыстарды талқылады.
Мемлекет басшысы Қытайдың ірі бизнесінің 600-ден астам өкілін жинаған бірлескен инвестициялық форумға қатысып, Жібек жолы қоры, «SANY» және «CSG» компанияларының басшыларымен кездесті.
Жаһандық электромобильдер нарығының көшбасшысы – «BYD» компаниясының штаб-пәтері мен технологиялық орталығына барып, Мемлекет басшысы Жызақ облысында гибридті және электромобильдердің бірлескен өндірісіне старт берді.
Осымен Қытайға мемлекеттік сапар бағдарламасы аяқталды.
Мәртебелі мейманды Гуандун провинциясының ресми өкілдері әуежайдан шығарып салды, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.