Мемлекет басшысы 31 тамыз күні жұбайымен бірге Тяньцзинь қаласындағы «Мэйцзян» конгресс орталығында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің бейресми іс-шараларына қатысты.
1 қыркүйекте Өзбекстан Президенті ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысып, көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және ұйым қызметін жетілдіру бойынша бірқатар бастамалар көтерді.
2 қыркүйекте Бейжің қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен ресми делегациялар қатысқан келіссөздер өтті. Кездесу қорытындысы бойынша практикалық әріптестіктің басым бағыттары аясында екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасы қабылданды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Қытай Премьер-Министірі Ли Цян, шетелдік делегация жетекшілері және іскер топ өкілдерімен мазмұнды келіссөздер жүргізді.
3 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Бейжің қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына арналған Жеңіс парадына қатысты.
Сапар бағдарламасы аяқталған соң, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды. Жоғары мәртебелі қонақтарды Қытайдың ресми өкілдері салтанатты түрде шығарып салды.