Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан энергетика және су ресурстары министрлерінің кезектегі кездесуі өтті

    Кеше, 12 октябрьде Энергетика мигистрлігінде Өзбекстанның энергетика министрі Ж.Мирзамахмудов, Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Қазақстанның энергетика министрі А.Сатқалиев, Қазақстанның су шаруашылығы және ирригация министрі Н.Нұржігітов және Қырғыз Республикасының энергетика министрі Т. Ибраев және тағы басқа жауапты басшылар қатысуында кезектегі жұмысшы топтың кездесуі өтті.

    Сондай-ақ бұл кездесуге Әзербайжан Энергетика министрінің орынбасары К.Аббасов қонақ ретінде қатысты.

    Кездесуде мемлекеттер су-энергетика жүйесінің күзгі-қысқы маусымда тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, желілердің жұмыс режимдерінің графиктері келісілді.

    Бұл шарада тараптар арасында ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар, атап айтқанда, Қамбарота ГЭС-1 құрылысы жобасының ағымдағы жағдайы, сондай-ақ су-энергетика баланысын үйлестіру мәселелері талқыланды.

    Сонымен бірге, кездесу барысында Қытайдың «CEEC» компаниясының өкілдерімен Қырғыз Республикасының Жалалабад облысындағы «Чотқал» ГЭС су электр станциясының құрылысының алдын ала зерттеулері мен алдағы жоспарлары талқыланды.

    Кездесу соңында тараптарға тұрақты жұмысшы топтың жиналыстарын өткізіп тұру және жобаларды жүзеге асыруға қатысты «Жол картасына» қол қою ұсынылып, тиісті құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates