Атап өткендей, қазіргі кезеңде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастары дәйекті түрде дамып келеді. Өзбекстан мен Қазақстан Басшылары арасында орнатылған сенімді де жылы диалог негізінде ынтымақтастық қарқынды дами түсуде.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы үдерісін жетілдіру туралы пікір алмасылды.
Парламенттер, министрліктер мен кеңселер, сондай-ақ екі елдің аумақтары бағытында өтетін шаралардың түрлі жақтары қаралды.
Сауда, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы байланыстарды жандандырудың маңыздылығы айтылды.
Тараптар халықаралық және өңірлік құрылымдар аясында диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Бауырлас халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың маңызды факторы болып табылатын мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері бар екені атап өтілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.