Онда екіжақты сауданы одан әрі дамыту және осы бағыттағы біріккен бастамаларды жүзеге асыру іс-шаралары талқыланды. Соңғы төрт жылда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 60 пайызға артып, 2020 жылы 3 миллиард доллардан асқаны айтылды. Ағымдағы жылдың ноябрь айында екіжақты тауар айналымы 3,1 миллиард долларды құрап, өткен жылдың  кезеңімен салыстырғанда 37%-ға өсті.

Алдағы 5 жыл барысында өзара  сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізу міндетін жүзеге асыру бойынша болашағы зор шаралар белгіленді. Саудадағы кедергілерді жою және екі елдің көліктік-логистикалық және транзиттік әлеуетін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруға келісілді. Осы орайда екі елді байланыстыратын автомобиль және теміржол инфрақұрылымын дамыту  бойынша үстем жобалары талқыланды.

Өзбекстан мен Ресей арасында ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін тұрақты және жылдам жеткізу үшін енгізілген «Агроэкспресс» логистикалық жобасына Қазақстанның қосылу болашағы талқыланды. Тараптар сертификаттау  үдерісін үйлестіру, кедендік ресімдеу мәселелері және шекарадан өту қағидаттары үстінде істеу бойынша жұмысшы топты құруға келісіп алынды.

Екі елдің шекарасында Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Екі елдің тиісті министрліктері мен кеңселерін жұмылдыра отырып, бұл бастаманы жүзеге асырудың келесі қадамдары жоспарлануда.

Суды пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу, Арал өңірінде экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және Арал теңізінің құрғау салдарын жою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күн тәртібіндегі басқа мәселелер қатарында Қазақстанның 2022 жылы Нөкіс қаласында өтетін 1- Халықаралық Арал форумына қатысуы да қаралды.

Кездесу соңында қаралған екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша  келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.