Саммиттің күн тәртібінде ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ұйым қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері орын алған. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілері қарастырылады.
Жиын соңында Астана декларациясы мен экономика, қауіпсіздік, экология, энергетика, туризм және басқа да көптеген салалардағы әріптестікті кеңейту жөніндегі құжаттарды қабылдау жоспарланған.
Сапар аясында Өзбекстан басшысы шетелдік делегациялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.