Мемлекет басшысы АҚШ делегациясын қабылдады

    Билік 16 Iyul 2021 6300

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 шілдеде Ташкентте өткен халықаралық конференция аясында Америка Құрама Штаттары Президентінің кеңесшісі Элизабет Шервуд-Рандолл бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесуде екіжақты күн тәртібінің өзекті аспектілері және халықаралық саясат мәселелері талқыланып, Мемлекет басшысы соңғы жылдары Өзбекстан-АҚШ стратегиялық серіктестігі мен сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

    Элизабет Шервуд-Рэндалл Өзбекстан Президентіне Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байденнің шын жүректен құттықтауы мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Мемлекет басшысының Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланысты нығайту жөніндегі бастамаларын АҚШ әкімшілігі жоғары бағалайтыны мәлімденді.

    Сонымен қатар, Өзбекстан егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы, жаңа Өзбекстан құру үшін жүргізіліп жатқан реформалар, Орталық Азиядағы сенімді, тату көршілік пен серіктестікті нығайтуға бағытталған күш-жігер қолдау тапты.

    Кездесуде сындарлы саяси диалогты жалғастыру мәселелері, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық аспектілері, оның ішінде пандемияға қарсы күрес және вакцинация, АҚШ-тың жетекші компаниялары мен банктерінің қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланып, Ауғанстандағы жағдай туралы пікір алмасылды.