Шавкат Мирзияев АҚШ елшісін қабылдады

    Билік 7 Sentabr 2022 4447

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7 қыркүйекте Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады.

    Мемлекет басшысы Дэниел Розенблюмнің Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

    Соңғы жылдары сындарлы саяси диалог орнады. Бірлескен күш-жігермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Өзара сауда көлемі артып, АҚШ-тың жетекші компанияларының қатысуымен бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Білім және денсаулық сақтау салаларында екіжақты бағдарламалар енгізілуде.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің осы жылдың тамыз айында қабылданған жарлығына сәйкес, америкалық дипломат Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапатталды.

    АҚШ елшісі оның жұмысына жоғары баға бергені үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға белсенді түрде қолдау көрсететінін атап өтті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates