баннер
17 Apr 2025
15:25

    Өзбекстан Президенті Францияға мемлекеттік сапармен барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен 11-13 наурыз күндері осы елге мемлекеттік сапармен барады.

    Сапар аясында Парижде жоғары деңгейдегі келіссөздер мен іс-шаралар, сондай-ақ Францияның ресми және іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған.

    Алдағы келіссөздер күн тәртібінде Өзбекстан-Франция арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері қарастырылады.

    Сауда-экономикалық және инвестициялық-қаржылық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Францияның жетекші компаниялары мен кәсіпорындарымен бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

    Саммит қорытындысы бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер пакетін қабылдау көзделген.

    Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле ханыммен кездесіп, ұйымның Бас конференциясының 43-сессиясын 2024 жылдың күзінде Самарқанд қаласында өткізуге дайындық мәселелерін талқылайды.

    Сапар қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

    Атап айтқанда, 1 наурыз күні Гретц-Арменвиль қаласындағы «Ураноскоп» обсерваториясы аумағында ұлы ғалым Әбу Райхан әл-Бирунидің бейнесі бейнеленген ескерткіш ашылды.

    Осы күндері, Парижде денсаулық сақтау, ғылым және білім, мәдениет, туризм және бизнес салаларында форумдар мен конференциялар өткізіліп жатыр. Тулуза, Лион және Ницца қалаларында іскерлік шаралар ұйымдастырылады.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech