Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 18-19 сәуірде мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес Душанбе қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер, бірқатар екіжақты кездесулер мен бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланған.

    Күн тәртібінде Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелері қаралады.

    Сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылады, өңірлер арасындағы қарым-қатынастарды, мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуларды кеңейту мәселелері қарастырылады.

    Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасады.

    Саммит қорытындысы бойынша екіжақты құжаттардың маңызды кешенін қабылдау жоспарланған.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates