Шавкат Мирзияев «Үндістан-Орталық Азия» саммитіне қатысады

    Билік 26 Yanvar 2022 3773

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 27 қаңтарда бейне байланыс түрінде өтетін «Үндістан-Орталық Азия» бірінші саммитіне қатысады.

    Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Модидің бастамасымен өтетін саммиттің күн тәртібінде көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту, өңірлік байланыстарды нығайту және аймақтағы ынтымақтастық пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

    Сауда, өнеркәсіптік кооперация, «жасыл» экономика, инновациялық және цифрлық технологиялар, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық алмасу салаларындағы практикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

    Саммит соңында басым бағыттар бойынша достық қарым-қатынас пен ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға бағытталған Дели декларациясын қабылдау жоспарлануда.