Сапар бағдарламасына сәйкес, Париждегі Елисей сарайында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен Франция Ұлттық жиналысында кездесу өткізу жоспарланған.
Кездесу барысында, юасымдық бағыттар бойынша көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері қарастырылады. Халықаралық және өңірлік маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ жетекші француз компанияларының өкілдерімен кездесу өткізеді.
Лувр мұражайы және Араб әлемі институтына бару, халқымыздың бай мәдени мұрасына арналған «Өзбекстанның далалық өлке қазыналары». Керуен жолдарының торабында» және «Самарқандқа жол. «Жібек пен алтын ғажайыптары» көрмелерімен танысу көзделген.