Сапар бағдарламасыда Парижде жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблеясында кездесу, осы елдің жетекші компаниялары мен банк басшыларының қатысуымен іскерлік іс-шаралар өтуі жоспарланған.
Күн тәртібінде конструктивті саяси диалогты одан әрі нығайту, көпжақты ынтымақтастықты кеңейту, экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, гуманитарлық және білім беру саласындағы белсенді алмасуларды жалғастыру орын алған.
Саммит соңында оннан астам маңызды екіжақты құжаттар, сондай-ақ инвестициялық келісімдер мен сауда келісімдер кешенін қабылдау жоспарланған.
Айта кету керек, сапар күндері Франция астанасындағы әлемге әйгілі Лувр мұражайында және Араб әлемінің беделді институтында Өзбекстанның бай мәдени-тарихи мұрасына арналған бірегей көрмелер ашылады.
Сонымен қатар, осы күндері Парижде француздық «MEDEF» іскерлік қозғалысының қолдауымен ұйымдастырылған бизнес-форум өтуде.