Өзбекстан Президенті Душанбеде өтетін ШЫҰ мерейтойлық саммитіне қатысады

    Билік 15 Sentabr 2021 3916

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16-17 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысады.

    Тәжікстан төрағалығымен өтетін саммит жұмысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер - Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясының басшылары қатысады деп күтілуде.

    Ұйымның бақылаушы мемлекеттері қатарында Беларусь Республикасы, Иран Ислам Республикасы және Моңғолия Президенттері қатысады. Кездесуге құрметті қонақ ретінде Түркіменстан президенті шақырылған.

    ШЫҰ-ның мерейтойлы шарасына ұйымның атқарушы органдары мен басқа да халықаралық институттардың басшылары қатысады.

    Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар ШЫҰ қызметінің соңғы 20 жылдағы негізгі нәтижелерін қарастырып, көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар олар жаһандық саясат пен аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады.

    Саммит соңында Душанбе декларациясын қабылдаумен, Мемлекет басшыларының шешімдері және Ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша басқа да көпжақты құжаттарға қол қою күтілуде. ШЫҰ төрағалығының Өзбекстан Республикасына ауысуы саммиттің маңызды оқиғасы болмақ.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сапары аясында серіктес елдердің басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер, сондай -ақ «ШЫҰ - ҰҚШҰ» форматындағы Ауғанстандағы жағдай бойынша кездесуге қатысу жоспарланған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates