Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне қатысады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін 5-6 қараша күндері жұмыс сапармен Бішкек қаласына барады.

    Бұл жолғы саммит күн тәртібінде ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қамтылған. Саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, іскерлік байланыстарды қолдау және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту міндеттеріне ерекше назар аударылады.

    Ел басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасады.

    Жиын қорытындысында бірқатар бірлескен қаулы мен құжаттар, соның ішінде Өзбекстан бастамасымен әзірленген Түркі әлемінің Хартиясы қабылдануы көзделген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates