Шавкат Мирзияев Түркі кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

    Билік 11 Noyabr 2021 3654

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ыстамбұлға келген кейін, өзіне арналған резиденцияда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмреевті қабылдады.

    Кездесуде ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, кеңеске мүше мемлекеттер арасындағы сындарлы диалог, практикалық ынтымақтастық кеңейіп жатқаны атап өтілді.

    Атап айтқанда, соңғы жылдары Өзбекстанның Түркі кеңесі елдерімен тауар айналымының көлемі екі есеге артып, бірлескен кәсіпорындар мен жобалардың саны 4 мыңға жетті.

    Биылғы жылы Өзбекстанда Ұйымның бірқатар маңызды шаралары өтіп, оның ішінде Хиуадағы Мәдениет министрлерінің, Қоқанда туризм министрлерінің кездесулері, Ташкентте жастар форумы өтті.

    Өзбекстан басшысы бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуде Кеңестің әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

    Кездесу барысында Бас хатшы Бағдад Әміреев мемлекет басшысына алдағы саммитке дайындық барысы, іс-шараның бағдарламасы және күн тәртібіндегі мәселелер туралы баяндады.