Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне алаңда Франция Республикалық гвардиясының әскери қызметкерлері сап түзеді. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Мемлекет басшысының алдынан гвардияшылар салтанатты түрде жүріп өтті.
Президент Шавкат Мирзиеев пен Францияның сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министрі Оливье Бешт Құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.
Салтанатты шарадан кейін Өзбекстан делегациясы Франция Президентінің резиденциясына – Елисей сарайына жол тартты. Онда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтеді.