Өзбекстанның дамуында парламенттегі әйелдердің рөлі

    Ел назарында 13 Aprel 2022 1914

    Үстіміздегі жылдың 13 апрелінде Ташкентте «Өзбекстанның дамуында парламенттегі әйелдердің рөлі» тақырыбында екінші форум өтті. Шара әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері бойынша республикалық комиссиямен, Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетімен және ЕҚЫҰ-мен бірге ұйымдастырылды.

    Оған сенаторлар мен депутаттар, жергілікті Кеңес депутаттары, Жастар парламентінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Шарада Олий Мажлис Сенатының Спикері Т.Нарбаева сөз сөйлеп, соңғы жылдарда елімізде әйелдер мен ерлер үшін тең құқық пен мүмкіндіктер жарату, құқықтық тұрғыдан қолдап-қуаттау, қоғам мен мемлекет істерін басқаруда олардың толық қатысуын қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағынан қолдап-қуаттауға қаратылған кең көлемді реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Айта кетерлігі, бүгінге дейін елімізде халықаралық құқық нормаларына сәйкес 2 заң мен 40-қа жуық заңнамалық құжат қабылданған.

    Бүгінде парламентте әйелдердің саны БҰҰ тарапынан белгіленген ұсыныстарға лайықты деңгейде болып, яғни 32 пайызды құрауда. Басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 27 пайызға, саяси партияларда 44 пайызға дейін өсті.

    Шарада атап өтілгендей, Парламентаралық одақтың 2021 жылғы «Саясаттағы әйелдер» халықаралық рейтингінде Өзбекстан шет мемлекеттер арасында 45-орынға көтеріліп, үздік 50-дің қатарына енді.

    Сондай-ақ талқылаулар барысында Тұрақты дамыту мақсаттарына қол жеткізу бойынша белгілеп берген міндеттерді жүзеге асыру мен ұйымдастыруға сенатор әйелдер мен депутаттардың қатысуын күшейту, тиімді қоғамдық бақылау жүргізу, бұл үдеріске беймемлекеттік бейкомерциялық ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа институттарының өкілдерін кеңінен жұылдыру мәселесі де айтылды.

    Атап айтқанда, қатысушылар 2022-2026 жылдарға арналған еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің барлық саласында әйелдердің белсенділігін арттыруға қаратылған Ұлттық бағдарламаның және 2030 жылға дейін Өзбекстан Республикасында гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясының жер-жерлерде орындалуын тиімді жүзеге асыру маңыздылығын тілге тиек етті.

    Форумда әйелдердің мемлекеттік және қоғам басқаруындағы қатысуын жеделдету, оларды мемлекеттік басқару мекемелерінде қаулылар қабылдау деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қатысушылар тың идеяларды талқылау үшін төрт бағыт бойынша пікірталастарын жалғастырды.

    Атап айтқанда, жергілікті Кеңестердің жастар саясаты, әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері бойынша тұрақты комиссиялар қызметінің тиімділігі, жастар парламенті мүшелерінің жергілікті атқарушы органдармен нәтижелі жұмыс істеу жүйесі, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешуде және экологиялық саясат жүргізуде әйелдердің орнын арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.

    Форум соңында айтылған пікірлер мен ұсыныстар қорытындыланып, тиісті ұсыныстар әзірленді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates