Өзбекстан Сыртқы істер министрі UNCTAD бас хатшысымен кездесті

    Бүгін Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) бас хатшысы Ребека Гринспанмен кездесті.

    “Өзбекстанға Креативті экономика бойынша Дүниежүзілік конференциясына қатысу үшін келген БҰҰ Сауда және даму конференциясының (UNCTAD) Бас хатшысы Ребека Гринспан ханыммен нәтижелі кездесу өткіздік, - деп жазды Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы өзінің telegram-каналында. — Біз UNCTAD-пен ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялық саясатты, сыртқы сауданы, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үдерісіне көмектесуді және т.б. мәселелерге назар аудардық. Көптеген болашағы зор бағыттарда белсенді ынтымақтастық жасауға келісіп алдық”

    2-4 октябрь күндері Ташкентте «WCCE 2024: Инклюзивті шығармашылық: өзгерген шындық» тақырыбында IV Дүниежүзілік креативті экономика конференциясы өтетінін ескертеміз.

    Конференция Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қорымен, Индонезияның Туризм және өнеркәсіптік экономика министрлігімен, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясымен, Дүниежүзілік интеллектуалдық ұйымымен және білім бойынша серіктес — Ұлыбритания Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылуда, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Өзбекстан Орталық Азиядағы креативті экономикаға арналған конференцияны өткізген алғашқы мемлекет.

    Форумға 80-нен астам елдің өкілдері қатысады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates