«The times» Ұлыбританияда шығатын әлемдегі нөмір бірінші күнделікті газет.
Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан маркетингті дамыту, жаңа қызмет түрлерін енгізу және мемлекет имиджін шетелде кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Өзбекстанның Ұлыбританиядағы туризм брендінің елшісі Софи Ибботсонмен бірлесіп, 14-25 июль күндері Ұлыбританияның «The times» газетінің саяхат бөлімінің контент редакторы әрі жазушы Люси Перриннің Өзбекстанға сапары ұйымдастырылуда.
Шетелдік журналист дәл қазір еліміздің туристік әлеуеті туралы медиаконтенттер дайындау мақсатында Самарқант, Бұхара, Хиуа сияқты көне қалаларымызбен және гастротуризм, тау туризмі сияқты бірқатар бағыттар дамып жатқан өңірлермен танысуда.
Люси Перрин ханымның дайындаған материалдары «The times» газетінде мақалалар мен суреттер түрінде басылады. Сондай-ақ медиаконтенттер «The times» газетінің әлеуметтік желілердегі беттерінде де жарияланады.
Ақпарат үшін, Британияның күнделікті ұлттық газеті «The times» 1785 жылы «The Daily Universal Register» деген атпен жарық көре бастаған, қазір ол тек британдықтардың ғана емес, сонымен бірге әлемде ең танымал газеттердің бірі ретінде танылған.
“British Business Survey” ақпараттарына орай “The times” газеті бизнес бағытының оқырмандары үшін бірінші орындағы күнделікті газет болып , “Financial Times” немесе “Daily Telegraph” газеттеріне қарағанда 50 пайызға көп жазылушыларды құрайды. “The times” 2011 жылғы “Press Awards” Бизнес және қаржы газеттері бойынша жылдың ең жақсы ұжымы сыйлығын жеңіп алды.
«The times» журналының орташа күнделікті оқырмандарының саны 1,04 миллион адамды құрайды. 2020 жылдың март айындағы жағдай бойынша «The times» журналының орташа күнделікті таралымы 365 880 болған.