Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Түркия басшысын құттықтай отырып, өзара ынтымақтастықта жоғары деңгейге қол жеткізгенінен, екі елдің парламенттері, мемлекеттік органдар, іскер топтар мен жұртшылық арасындағы байланыстардың нығаюынан қуанышты екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Өзбекстанның көп қырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдеріміз арасындағы бауырластыққа негізделген стратегиялық серіктестік барлық салада өзара сенім мен құрмет рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Президентер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл және стратегиялық әріптестіктің орнағанына 5 жыл толатынын айтты.
Екі ел басшыларының ресми сапарлары мен тұрақты келіссөздері саяси диалогты нығайтуға қызмет етіп, жемісті практикалық әріптестікке кең мүмкіндіктер ашты.
Сауда және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы 2,5 есе өсіп, 3,6 миллиард доллардан асты. Бірлескен кәсіпорындар саны 5 есе өсіп, 2 мыңнан асты. Инвестициялық ынтымақтастық көрсеткіштері 70 есе өсті.
Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар әріптестікті одан әрі кеңейту, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік, тоқыма өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық алмасу салаларын жәнеде кеңейту басымдықтары кеңінен талқыланды.
Өзбекстандағы реформалар бойынша ынтымақтастықты күшейту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін енгізу, ғылым, білім, өнер, кино, туризм және ақпарат салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету келісілді.
Кездесу соңында Өзбекстан мен Түркия арасында ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды құжаттарға қол қойылатыны айтылды. Жеңілдікті сауда, құрылыс, денсаулық сақтау, әділет, кеден және т.б. салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдер осылар қатарында. Жоғары деңгейдегі Өзбекстан-Түркия Стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырысының шешімдерін жүзеге асыру үшін бірлескен «жол картасын» қабылдау жоспарланған.
Ынтымақтастық аясының кеңеюін ескере отырып, тараптар екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге – жан-жақты стратегиялық әріптестік кезеңіне шығару туралы шешім қабылдады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған Шавкат Мирзияевті Екіжақты стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысына қатысу үшін Түркияға сапармен келуге шақырды.