Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

    Ағымдағы жылдың 23 апрелінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық және даму мғселелері бойынша Мемлекеттік хатшысы Дэвид Кэмеронды қабылдады.

    Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси-дипломатиялық диалогты кеңейту, сондай-ақ халықаралық аренада сындарлы ынтымақтастықты жалғастыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, парламенттік қарым-қатынастарды жандандыру мәселелері талқыланды.

    Диалог барысында соңғы жылдары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілгені баса айтылды.

    Сұхбат барысында жасыл экономиканы дамыту саласындағы біріккен жобаларды жолға қою, климаттың өзгеруінің салдарымен күресуде өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сонымен қатар, білім беру мен мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту басым бағыт ретінде айтылды. Жоғары оқу орындарында заманауи салаларда білікті мамандарды даярлау, ағылшын тілінде оқытылатын білім беру бағдарламаларын кеңейтудің практикалық жақтары қарастырылды.

    Дэвид Кэмерон Өзбекстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету, атап айтқанда, лайықты еңбек қағидаттарын енгізу, гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу бағытында оң жұмыстар атқарылып жатқанын ерекше атап өтті.

    Кездесу барысында соңғы жылдары парламентаралық ынтымақтастық айтарлықтай жанданғаны белгілі болды. Тараптар осыған байланысты өзара диалогты одан әрі кеңейту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates