баннер
21 Apr 2025
23:43

    Өзбекстан мен Иран арасындағы келісім күшіне енді

    Өзбекстан мен Иран арасында жеңілдетілген виза режимі енгізілді.

    13 октябрьден бастап Өзбекстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Үкіметтері арасындағы іскерлік және ғылыми орта өкілдері мен туристік топтар үшін визалық үдерістерін жеңілдету туралы Келісім күшіне енді.

    Бұл Келісімге Иран Ислам Республикасы Президентінің 14-16 сентябрь күндері Өзбекстанға (Самарқант) ресми сапары аясында қол қойылған.

    Сыртқы істер министрлігінің Келісім-құқықтық департаментінің мәліметінше, бұл құжат 11 баптан тұрады және оның күшіне енуі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, туризм, білім және ғылым салаларындағы байланыстарды дамытуға қызмет етеді.

    Құжатта екі ел арасындағы тікелей туристер алмасуын ұйымдастыру, бизнес және ғылыми салаларда біріккен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру туралы бірлескен келісім өз көрінісін тапқан.

    Осы үкіметаралық Келісімді жүзеге асыру үшін Өзбекстан тарапынан Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жауапты етіп белгіленген.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech