Өзбекстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастардың кең ауқымы, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Сұхбат кезінде Германияның Орталық Азия елдерімен, сонымен қатар қарқынды дамып келе жатқан Өзбекстанмен көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге дайын екендігі айтылды. Ең алдымен тұрақты дамып келе жатқан экономикалық бағытта тауыр айырбастау көлемін кеңейту, жаңа инвестицияларды тарту, заманалық өнім өндіретін кәсіпорындарды құру бойынша қызығушылық танытты.
Екі ел арасындағы қарым-қатынаста парламентаралық диалогтың маңыздылығын негізге ала отырып, осыған байланысты бірқатар жоспарларға тоқталды. Атап айтқанда, екіжақты байланыстарды құқықтық жағынан қамтамасыз ету, парламенттік комитеттер арасында тікелей байланыс орнату және оны одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ электронды парламентті енгізу бойынша тәжірибе алмасуға келісілді.
Делегация мүшелері Өзбекстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Германия бұл үдеріске белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.
Сұхбат барысында еңбек қатынастары, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, экология және қоршаған ортаны қорғау, мәдени-гуманитарлық салаларда да ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Кездесу соңында өзара іссапарларды ұйымдастыра отырып, Өзбекстан мен Германия парламенттері арасындағы қарым-қатынастардың жаңа бағыттарын айқында п алу мақсатында ынтымақтастық туралы тиісті құжаттарды әзірлеуге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.