Өзбекстан мен Грузия ынтымақтастығының болашағы талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 8 апрель күні Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева елімізге іссапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвили басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру, парламентаралық байланыстарды жаңа басқышқа шығару мәселелері қаралды.

    Соңғы жылдары сату көрсеткіштері мен ынтымақтастық жобаларының саны артып келеді. 2023 жылы тауар айырбастау 23 пайызға өсті. Сұхбат барысында екі елдің бар әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көлік-логистика, банк-қаржы, туризм сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды.

    Диалог барысында халықтарды жақындастыру үшін мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыруға назар аударылды. Өзбекстан мен Грузия халықтарын дәстүрлі мықты достық байланыстарды нығайту, мәдени іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратыны рухани және салт-дәстүрлері жағынан өте жақын халықтар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қызмет ететіні баса айтылды.

    Екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдердің тиімді жүзеге асырылуын мқамтамасыз ету үшін парламенттер арасында тұрақты диалогты орнатуға, бұл үдерісте парламентаралық достық топтарының үйлестірушісі ретіндегі рөлін одан әрі арттыруға назар аударылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Кездесуде гендерлік теңдік, аумақтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты дамытуға келісілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates