Өзбекстан мен Оңтүстік Корея парламенттері ынтымақтастықта жаңа жобаларды іске асырмақ

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы делегациясын қабылдады.

    Кездесуде тараптар екі ел парламенттерінің байланыстары бүгінде жаңа деңгейге көтеріліп, жақын достық арқауына айналып, халықтарымыздың менталитеті, дәстүрлері мен құндылықтарының ұқсастығына негізделген қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік қатынастары дәрежесінде дамып келе жатқанын атап өтті.

    Сондай-ақ, сауда-инвестициялық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне, елімізде Корея капиталының қатысуымен мыңға жуық кәсіпорынның жұмыс істеп жатқанына назар аударылып, осы жөніндегі көрсеткіштерді арттыру мақсатында біріккен жобаларды кеңейту туралы пікір алмасылды.

    Корея тәжірибесіне сүйене отырып, «KOICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігінің көмегімен Өзбекстанда «Электрондық парламент» жүйесін енгізу бойынша гранттық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды.

    Жақында сайланған Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының комитеттері мен Олий Мажлис Сенатының комитеттері арасындағы тікелей байланысты нығайту жөнінде ұсыныстар да айтылды.

    Оңтүстік Кореяның бай тәжірибесін ескере отырып, әйелдерді жұмыспен қамтуды, ең алдымен, оларды кәсіпкерлікке тарту және бизнесті басқарудағы әлеуетін арттыру бағытында ынтымақтастықты орнатуды ынталандыру қажет екендігі баса айтылды.

    Парламент дәрежесінде Кореядағы өзбекстандық еңбек мигранттарына қолайлы жағдай жасау мәселесі бойынша да пікір алмасылды.

    Сұхбат барысында екі ел арасында білім, денсаулық сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларында бірлесіп жаңа жобаларды іске қосуға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.