Өзбекстан мен Куба арасындағы ынтымақтастық кеңейеді

    Кеше Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррильямен телефон арқылы сөйлесті.

    « Кубаның Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Парриллья мырзамен телефон арқылы шынайы сөйлестік, - деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің telegram-каналында. — Біздің кең ауқымды күн тәртібіміз барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Елдеріміз арасындағы алыс қашықтыққа қарамастан, Өзбекстан мен Кубаның Cыртқы істер министрліктері Өзбекстан мен Куба арасындағы ынтымақтастықты айтарлықтай нәтижелермен кеңейту жолында барлық мүмкіндіктерді жұмылдыруға келістік».

    Естеріңізге сала кетейік, биыл 24 февральда Кубаның елшісі болып тағайындалған Карлос Валдес де ла Консепсенни Өзбекстанда аккредитациядан өткен еді.

    Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2006 жылдың 13 мартта орнатылды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates