Мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Президенттердің қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Олар екі елдің сыртқы істер министрліктері, Өзбекстан Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Инвестициялар бойынша бас басқармасы арасында, өсімдіктер карантині мен қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін құру, инвестиция тарту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту, техникалық реттеу, дамыту тәжірибе алмасу сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады.
Сондай-ақ Өзбекстан Ислам өркениетінің орталығы, Әбу Райхан Беруни атындағы Өзбекстанның Шығыстану институты мен Мысыр Ұлттық кітапханасы мен мұрағаты арасында өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойылды.