Диалог барысында Өзбекстан-Мысыр ынтымақтастығының кең ауқымы, сонымен қатар, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық байланыстарды одан әрі  нығайту мәселелері қаралды.

Сұхбат үдерісінде тараптар форумда көтерілген мәселелер бойынша, әйел-қыздардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және инновациялық қызметке қатысу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті.

Әсіресе, ауылдағы әйелдерді қолдап-қуаттаудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым-білім беру сияқты салаларында біріккен жобаларды жүзеге асыруда парламенттердің мүмкіндіктерін пайдалану туралы келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.