Мысырмен сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық кеңейтіледі

    Өзбекстанның Каирдегі елшілігінің бастамасымен мысырлық кәсіпкер, «The Bell Group» компаниясының стратегия менежері Хайсам Хуссайн, «Veolia» компаниясының Өзбекстандағы өкілі Шахин Бутуила, «Узсувтаъминот» АҚ, Самарқант облысы және қала әкімдіктері, Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі, Қаржы және экономика министрліктерінің жауаптыларының қатысуымен БКА түрде кездесу ұйымдастырылды.

    Онда Самарқант облысының аудандары мен қалаларында сумен қамтамасыз ету, кәріз сулар және жылу жүйелерін жаңғырту, су шаруашылығы жүйесін басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Диалог барысында, шетелдік серіктестер облыстың барлық аумақтарында су шаруашылығы саласындағы болашақтағы жобаларды жүзеге асыруға, жүйенің тиімділігін арттыруға, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында басқаруын жолға қою, қажетті инвестицияларды тартуға дайын екендіктерін жеткізді.

    Кездесу соңында “Bell Group” және “Veolia” компаниялары жақын арада Самарқант облысында жүзеге асырылатын жобалардың концепциясын ұсыну, ал «Узсувтаъминот» АҚ мен Самарқант облысының әкімдігі осы ұсыныстарды зерделеп, өз қорытындыларын білдіру және ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау бойынша келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды «Дунё» АА.