Өзбекстан мен Моңғолия парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы қарастырылды

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Сенатында елімізде мемлекеттік сапармен жүрген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсухпен кездесу өтті.

    Сапар барысында екі ел бсшыларыныґ жоғары деңгейдегі келіссөздері ашық және жұмыс жаµдайында өтіп жатқаны, диалогтың тиімді нәтижелері жайлы айтылды. Бұл тарихи сапардың екі ел арасындағы достықты нығайту мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызы зор екені тілге тиек етілді.

    Мемлекеттік сапар барысында қол қойылған жалпы 14 құжат елдер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Өзбекстан мен Моңғолия қарым-қатынастары тарихында жаңа парағын ашуға түрткі болатыны айтылды.

    Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі тұрақты өсуде. Жетекші компаниялар мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық байланыстары жолға қойылғаны айтылды.

    Кездесуде мәдениет, білім, туризм салаларындағы белсенді алмасулардың жолға қойылуы халықтарымызды одан әрі бірлестіруге қызмет ететіні айтылды.

    Парламентаралық байланыстарды нығайтуға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Өзбекстан-Моңғолия парламенттері достық топтары арасындағы қарым-қатынасты жандандыру және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуге ұсыныс жасалды.

    Қарым-қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Сенаты мен Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды әзірлеу және оған қол қою мәселесі қолдап-қуатталды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенаттың баспасөз қызметі.

    Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсух Олий Мажлис Сенатының Құрметті қонақтары кітабына қолтаңба қалдырды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates