Ең алдымен, екі мемлекеттің делегация басшыларының: Өзбекстан тарапынан Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев пен Моңғолия тарапынан Мемлекеттік Ұлы Хуралының мүшесі, Үкімет мүшесі, Премьер-министрдің орынбасары Саинбуян Амарсайханның екіжақты кездесуі болып өтті.
Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту болашақтары жан-жақты қарастырылып, өзара сауда көрсеткіштері, инвестиция тарту және өнеркәсіптік кооперациясы бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Атап айтқанда, Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымның көлемі өткен жылдың соңымен салыстырғанда 50 пайызға дерлік артқаны, биыл да оң тенденция тұрақты сақталатыны айтылды.
Жеңіл автокөліктерді, азық-түлік өнімдерін және электр құрылғыларын жеткізу айтарлықтай өскен.
Қазіргі таңда Моңғолия компаниялары Өзбекстанда аумағында мал шаруашылығы, геология, қаржы және медицина салаларында жобаларды жүзеге асыруда.
Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты демытудың үстем бағыттарын белгілеп, Өзбекстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 1-жиналысы аясында келіссөздерді жалғастырды.
Жиналыста тиісті министрліктер, кеңсе мен салалық бірлестіктер басшыларының қолданыстағы келісімдерді орындау барысы туралы есептері тыңдалды. Жобалардың әрбір кезеңі жан-жақты сарапталып, оларды сәтті жүзеге асыруды жеделдету үшін тиімді шешімдер әзірленіп, орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалары белгіленді.
Іс-шаралар бағдарламасы екі елдің 150-ден астам ірі компаниялар басшыларының қатысуымен өткен бизнес-форум және кәсіпкерлер кеңесінің құрылтай жиналысымен жалғасты.
Форумға Монғолия тарапынан Dornod meat market, Sodon Oil Trade, IATA, MONGOL BAZALT, Tsaramtainarvai, Ikh Dodizul Energy, Azipharma, Jargalant, Kapitron Bank, Mandal insurance сақтандыру және басқа да компаниялардың жетекшілері қатысты.
Премьер-Министрдің орынбасары Жамшид Ходжаев құттықтау сөзінде іскер топтар арасындағы өзара ынтымақтастықты жандандырудың, өңірлік базарлардың сыйымдылығы мен көлік-логистикалық мүмкіндіктерін терең талдау негізінде сауда қатынастарын түбегейлі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Бизнес-форумда Өзбекстанның аймақтары мен экономика салаларының мүмкіндіктері, тау-кен өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, туризмді, энергетиканы және басқа да салаларды дамыту бойынша нақты инвестициялық бастамалар мен жобалары ұсынылды.
Сондай-ақ Өзбекстанда кәсiпкерлердiң қолайлы жұмыс iстеуi үшiн жасалған жағдайлар, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау, мемлекетiмiздiң инвестициялық және индустриялық әлеуетiнiң маңызды тұстары туралы айтылды.
Бағдарлама B2B және B2G кездесулерімен жалғасты. Онда бизнесмендер жаңа, нәтижелі байланыстарды орнату және өзара тиімді жобалар мен сауда келісімдерін бірлесіп жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады.
Іс-шаралардың қорытындылары бойынша Өзбекстан-Моңғолия үкіметаралық бірлескен комиссиясының 1-мәжілісі хаттамасына және бірқатар екіжақты келісімдерге, соның ішінде Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті мен Моңғолия өмір ғылымдары университеті арасындағы білім беру саласына қатысты келісімдерге қол қойылды.